Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қазан, 2018

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айгүл Құспан Бельгиядағы елші болып 22 мамырда тағайындалған еді. Бұған дейін ол ҚР Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы департамент директоры қызметін атқарған, 1997 жылдан бері дипломатиялық қызметте жүр.

1007 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз