Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Желтоқсан, 2018

Алматы облысында 321 жоба жүзеге асырылды

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы сомасы 9,4 млрд. теңгеден астам қаржыға 321 жоба іске асырылды. Бұл ретте «Туған жер» жобасы шеңберінде бизнес өкілдері әлеуметтік нысандардың құрылысы мен ауқымды жобаларға белсене қатысып, бүгінгі күнге 2,5 млрд. теңгеге 157 жобаны жүзеге асырды. Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде алаңында өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай деді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жаңа жыл 2 мың жетісулық жастың қатысуымен ауқымды шарамен ашылатыны белгілі болды. «Жастар жолы» жобасы шеңберінде жастардың демалуы және спортпен айналысуы үшін облыста 18 орталық құрылған. Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Осындай орталықтарды ашу барлық аудандар мен қалаларда қарастырылуда.

«Президенттің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде ашық аспан астында «Жетісудың жеті кереметі» атты археологиялық парктерді музейлендіру жоспарланып отыр. Сол сияқты «Жетісудың жеті өнері» ұлттық ат спорты ойындарынан жарыс, «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивалін өткізу межеленген», - деп атап өтті А. Баталов.

Сол сияқты облыста шетелдік архивтердің көне дәуірден бүгінге дейінгі материалдарымен жұмыс істеу мақсатында «Жетісу туралы араб, түрік және парсылық дереккөздер» экспедициясын ұйымдастыру облыс жоспарында бар. Бұл экспедиция Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институтымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде «Өлкетану» тақырыбында вайн-ақпарат/квесттер мен челлендждер сериясы берілетін болады.

1273 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз