Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Ақпан, 2019

МАҚТААРАЛДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Мақтаарал ауданында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы төрағалық етіп, партияластарын айтулы мерекемен құттықтады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Баршаңызды елдіктің, бірліктің, дамудың партиясы болған «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Құрылғанына 20 жыл толған «Нұр Отан» партиясы Тәуелсіздікті нығайту, ел іргесін бекемдеуде орасан зор еңбек атқарып, халықтың үлкен құрметі мен шынайы ризашылығына бөленіп келеді» - деді Бақыт Насырханұлы.

Жиын барысында Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байдуллаев Әбдіманап Әбдіхалықұлы аудандық партияның жетістіктері туралы кең көлемде баяндама жасады.

«Партияның Мақтаарал аудандық филиалыда 1999 жылы 1 наурызда құрылып, сол бастапқы кездегі құрылымда 12 бастауыш партия ұйымы, 720 партия мүшесі есепте тұрды. Бүгінгі таңдағы бұл көрсеткіш бірнеше есе өсіп, бүгінде аудандық филиалда 14 бастауыш партия ұйымы, 4969 партия мүшесі есепте тұр. Бұл ретте партияның аудандық филиалы республикалық «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауының 7 рет жеңімпазы екенін айта кетуіміз керек. Баршаңызды партиямыздың мерейлі 20 жылдық мерекесімен тағы да құттықтай келіп, еңбектеріңізге жарқын жетістіктер, ел дамуы жолында жасап жатқан жасампаз істеріңізге толағай табыстар тілеймін. Партиямыздың әрқашан мерейі үстем, абыройы асқақ, мәртебесі биік бола берсін!» - деді Әбдіманап Әбдіхалықұлы.

Салтанатты кеште партия ардагері Пасова Любовь, Айни жалпы орта мектебінің директоры Бабаев Шокир, М. Ғабдуллин жалпы орта мектебінің жас мұғалімі Кузибай Ұлданалар сөзге шығып, партияның ауданның дамуына тигізген септігі жайлы ой толғады.

Жиынның екінші бөлімі «Нұр Отан» партиясының Мақтаарал аудандық филиалын 17 жыл басқарған, оның ішінде 5 жыл аудандық партия филиалының төрағасы болған, жалпы ауданымызда 43 жыл идеология саласында қызмет атқарған, партия ардагері, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Байдуллаев Әбдіманап Әбдіқалықұлының зейнеткерлік демалысқа шығуына арналды.

Партия ардагеріне құттықтау тілегін арнаған аудан әкімі Б.Асанов мерейтой иесінің үстіне шапан жауып, қошеметін көрсетті. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданын басқарған Нұржанов Омарбек, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры Үмбетаев Ибадулла, «Құрмет орденінің» иегері Қозыбақ Омархан, «ҚазСушар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Омаров Шахдат т.б. бір топ адамдар құттықтау сөзге шығып, Ә.Әбідхалықұлына деген ыстық лебіздерін жеткізді.

1934 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз