Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Әлеумет
  • 24 Мамыр, 2019

Атырауда 20 студенттің улану себебі анықталуда

Бұл жағдай газ балонын бүркуден болған деген болжам бар, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Оқиға бүгін, 23 мамырда күннің алғашқы жартысында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем тобы келді. Берілген ақпар бойынша, колледждің 1-2 қабаттарында белгісіз заттың өткір иісі болған, нәтижесінде 20 адам ауруханаға әкелінді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында Атырау сервис колледжі директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Гүлсім Жалмұханова мәлімдеді. - Балалардың жаппай улануының себебі анықталуда, бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Енді балалардың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Науқастарға уақытылы көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайын қалыпқа келтіргендіктен, студенттердің көбісі үйге жіберілді, ал қалғаны кешкі сағат 19.00-ге дейін шығарылады. Олардың барлығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Қазір бұл жағдаймен құқық қорғау органдары айналысуда, оқиға газ балонын бүркуден болған деген болжам бар», - деді Гүлсім Жалмұханова.

683 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Атырауда 15 көп балалы отбасы баспаналы болды
Келесі мақала ТҮЛКІБАСТА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА ТҰРҒЫН ҮЙДІ СЫЙҒА ТАРТТЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *