Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 11 Қыркүйек, 2019

Кезекті айқас

Елеусіновтің Нью-Йорктегі жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

 

Олимпияда чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі Қазақстанды тікелей көрсетіледі. 13 қыркүйек Madison Square Garden аренасының Hulu Theather залында Елеусінов 34 жастағы жеңілмеген америкалық боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Елеусінов - Хикс кездесуі жеңіл салмақта WBC "уақытша" чемпионы титулын сарапқа салатын америклық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) жекпе-жегінің андеркартында өтеді. АҚШ-та өтетін бұл шоуды DAZN стриминг қызметі тікелей көрсетілімін өткізеді. Ал қазақстанда оны "Хабар" арансы трансляциялайды. Тікелей көрсетілімнің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 06:00. Еске салайық, кеше Елеусінов Нью-Йорктегі бокс кешінің өзге де қатысушыларымен бірге ашық жаттығу өткізді.

639 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз