Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қараша, 2019

Елордада екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды

Елордада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі. 

«2019 жылдың 19 қарашасында ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, бұған дейін бүгін 0-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін артатыны ескертілген болатын. Осы уақытта температура бағамы -13 градусты көрсетіп тұр. Сезілуі -29 градус.

583 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз