Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Желтоқсан, 2019

Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік бағдарлама әзірленді. Елордалықтар назарына концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, спорттық шаралар мен танымдық экскурсиялар ұсынылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі саналатын Тәуелсіздік күнін тойлау қараша-желтоқсан айларында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өтетін «Желтоқсан ызғары...», «Азаттықты аңсағандар» еске алу сабақтарынан бастау алды.

Сондай-ақ, 28 қараша-20 желтоқсан аралығында қаланың барлық мектептерінде «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты дәрістер оқытылуда. №15 көпшілік кітапханасында да желтоқсан айы бойы «Желтоқсанда жанған алау» тақырыбында ақпараттық сағаттар өткізіліп жатыр.

Ал 10 желтоқсанда №5 көпшілік кітапхана ұжымы «Тәуелсіздік: Мәңгіліқ Елдің берік тұғыры» тақырыбында өтетін ақпараттандыру күніне қатысуға шақырады. Сол күннің ертесіне кешкі 19.00-де елордалықтар назарына «Жастар» сарайында өтетін «Тәуелсіздік толғауы» концерттік бағдарламасы ұсынылады.

12 желтоқсан күні шығармашыл жастардың «Астана-Бәтерек» монументінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Бәйтерек» поэмасының авторы, ақын Несіпбек Айтұлымен кездесуге мүмкіндігі бар. Сол күні сағат 10.00-де «АЛЖИР» музей-мемориалды кешені, «Зерде» залында «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» тақырыбындағы Тәуелсіздің күніне арналған шара өтеді.

Ал 12-17 желтоқсан аралығында сағат 10.00-18.00-де «АЛЖИР» музей-мемориалды кешені, «АЛЖИР» залында «Желтоқсан қаһармандары» көрмесі көрермендерге есігін айқара ашқалы тұр.   Сонымен қатар, 12 желтоқсанда өнерсүйер қауым кешкі 18.00-де «Nomad City Hall» театрында өтетін ҚР Тәуелсіздік күніне арналған поэзия кешіне қатыса алады. Поэзия кеші еліміздің майталман тұлғалары С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровті еске алуға бағытталған.

13 желтоқсанға да бірталай мерекелік шаралар жоспарланған. Соның бірі –  сағат 11.00-де С.Сейфуллин музейінде өтетін «Тәуелсіздік аманаты бабамның» тақырыбындағы поэзия кеші. Ал бір сағаттан кейін, 12.00-де №4 балалар кітапханасында «Қазақстан-өмірімнің мәні» тақырыбында патриоттық сағаты өтеді.

Интелектуалды сайысты тамашалағысы келетін жандар 13 желтоқсан сағат 12.30-да №8 балалар кітапханасында өтетін «Ұлы жер, сүйікті Отанымызды Қазақстан деп атаймыз!» шарасына қатыса алады. Сол күні сағат 15.00-де №59 мектеп-лцейінде «Тәуелсіздік – халық мұраты» тарихи-танымдық, әдеби-музыкалық кеші өтеді.

Одан бөлек, 13 желтоқсан күні сағат 16.00-де Тәуелсіздік сарайында «Тәуелсіздіктің белгісі – Нұр-Сұлтан» көрмесінің салтанатты ашылуы болады. Көрмені тамашалағысы келген жандар 13 желтоқсан-13 қаңтар аралығында сағат 10.00-18.00 дейін келуіне болады. Сол күні елордалықтарға №12 көпшілік кітапханасында «Бүгін біздің егемендігіміз өз күнін атап өтуде» тарихи құжатнамасы таныстырылады. Ал №3 балалар кітапханасында «Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз!» патриоттық сабағы мен «Желтоқсан жаңғырығы» еске алу сағаты өтеді. Кешкісін, 19.00-де «Жастар» сарайында Б.Жандарбековтың «Томирис – сақ патшайымы» спектаклі көрермендерге жол тартады.

Елордалық цирк төрінде 14 желтоқсан сағат 12.00-де, 16 желтоқсан сағат 16.00-де Тәуелсіздік күніне арналған Халықаралық цирктік шоу бағдарлама өтеді. Астаналық балақайларға да жағымды жаңалық бар. Оларға арналып 14-15 желтоқсан күндері сағат 12.00, 14.00, 16.00-де Қуыршақтар театрында  «Аладдин» спектаклі қойылатын болады. Сондай-ақ, 14-18 желтоқсан аралығында сағат 10.00-18.00-де С.Сейфуллин музейінде «Тәуелсіздік  бабалар мұраты» фотокөрмесі өтеді. 14 желтоқсан күні кешкі сағат 18.30-да «Барыс Арена» мұз айдынында «Денистің достары» мұзды шоуы өз көрермендеріне тамаша қойылым дайындады.

Махаббат лирикасын сүйер қауымды 15 желтоқсан сағат 19.00-де «Жастар» театрының шығармашылық тобы  Ғ.Мүсіреповтың «Жібек» мюзиклында асыға күтеді. Сонымен қатар, сол күні сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында «Абылайханның арманы» спектаклі көрерменге жол тартады. Ал 16 желтоқсан сағат 18.00-де қалалық Мәдениет басқармасы көрермендерді «Барыс Арена» мұз сарайында өтетін «Жыл әні» концертінде асыға күтеді.

618 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ҚР Президенті Волонтер жылының ашылу салтанатына қатысуда
Келесі мақала Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына 48 млрд теңге аударды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *