Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Желтоқсан, 2019

Детективтік шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы қалалық сотының 50 жылдығы мен «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС-на қарасты «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдарының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған детективтік шығармалар байқауы қорытындыланды.

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға 60-қа жуық шығарма келіп түсіп, оның ішінде  10-ға жуық автор үздік деп танылған.

Атап айқтанда детектив жанрының майталманы, жазушы Кемел Тоқаев атындағы жүлдеге алматылық Аяла Зейінқызы «Тек пен шек» атты шығармасы лайықты деп табылса, Жарас Кемелжан «Қанды сүттің дәмі» атты тың туындысымен бірінші орынды иеленді.

Ал, екінші орынды Сансызбай Молдажанов «Сырға» деген шытырман шығармасы үшін алды. Айда Қожамамбетованың «Жұмбақ өлім» деп аталатын туындысы мен Қалмұрат Дәулетбаевтың «Ғажайып бестік» атты шытырманға толы шығармасы үшінші орынға табан тіреді. Сонымен қатар, елу мың теңге ынталандыру сыйлықтары Райхан Ратова («Пиғылы бұзық «періште») мен Қуаныш Нұрданбек («Жөргем») иеленді.

Алматы қалалық сотының қолдауымен байқаудың жүлде қоры 3 млн теңгені құрады.

876 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз