Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда. 

ездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары және теміржол саласын дамыту перспективалары жайында баяндалды.

Сауат Мыңбаев Қазақстан Президентіне компания жұмысына қатысты кейбір заңнамалық және реттеу аспектілеріне қатысты мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауат Мыңбаевқа жүк тасымалының көлемін ұлғайту, контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру секілді бірқатар нақты тапсырма берді.

465 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз