Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Наурыз, 2020

Air Astanа əуекомпаниясының Амстердам-Атырау және Франкфурт-Орал рейстерінің бағасы төмендеді

Air Astana əуе компаниясы халықаралық рейстерде тарифтік кесте өзгеріссіз қалғанын хабарлайды. Сонымен қатар, Амстердам-Атырау және Франкфурт-Орал рейстерінің бағасы айтарлықтай төмендеді. Алайда, кейбір рейстерге сұраныстың жоғары болуына байланысты тек бизнес-класс орындары ғана қалды. Әуекомпания өзінің жолаушыларын ғана емес, сонымен  бірге тоқтап қалған шетелдік тасымалдаушы рейстердің ҚР азаматтарын да тасымалдайды. 24-29 наурыз аралығында «Air Astana» келесі соңғы рейстерді орындайды: Еуропа: Амстердам - ​​Атырау - 24.25.25 наурыз Мәскеу-Алматы-24.26.29 наурыз Франкфурт - Орал - 25 наурыз Мәскеу-Нұр-Сұлтан-25.27 наурыз Санкт-Петербург-Алматы-26 наурыз Ыстамбұл-Алматы-26.29 наурыз Ыстамбұл-Атырау-27 наурыз Лондон-Нұр Сұлтан-28 наурыз Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан-28 наурыз Франкфурт Нұр Сұлтан - 29 наурыз Таяу Шығыс: Дубай-Алматы - 24 наурыз Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия: Бангкок-Алматы-24.27.29 наурыз Сеул-Нұр-Сұлтан-27 наурыз Куала-Лумпур-Алматы-29 наурыз БАӘ авиациялық билігі 26 наурыздан кейін барлық жолаушылар рейстеріне тыйым салуына байланысты,  қазіргі уақытта Дубайдан 28 наурызда ақырғы рейске рұқсат алу мəселесі туралы келісім жүргізілуде.

620 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз