Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Сәуір, 2020

Алматыда бүгін қайтыс болған науқас кім?

Науқас 1964 жылы туған. КВИ 17 сәуірде анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония. 22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады. Сағат 07:00-де биологиялық өлімді анықталды. Қорытынды диагноз: расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша аурулар.

596 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз