Мақтааралға 260 тонна көмек келді

90

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті.

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында жеткізілген көмек керуенінде азық-түлік пен гигиеналық заттар, құрылыс материалдары бар. Барлық жүктер облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына жеткізілген. Ал, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді. Айта кетейік, көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Жомарт Қаратас пен «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев бастап келген.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *