Коронавируспен күресте көзге түскен азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталады

89

Қазақстанда коронавирус індетімен күресте ерекше көзге түскен азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Медальмен коронавирустық инфекцияға қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.

Медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне ҚР Парламенті палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.

Медальді Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.

Сонымен қатар, медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргізілетіні және наградталушының жеке өзіне тапсырылатыны жазылған. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы жарлығы жария етіледі.

«Халық алғысы» медалі белгіден және тағаннан тұрады. Медальдің белгісі алтын түстес жезден жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер болады. Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе «Birgemiz» логотипінің бейнесі жасалған. Медальдің жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Медальдің төменгі жағында «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» деген жазу бар. Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020» деген жазу бар.

azattyq-ruhy.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *