Англия кубогы. Жартылай финалдың жұптары анықталды

63

Англия кубогының жартылай финалдық жұптары анықталды.

Ширек финал матчтарынан кейін кубоктың жартылай финалының жеребесі тартылды. Жеребе нәтижесі бойынша, «Манчестер Юнайтед» «Челсимен» кездеседі. Ал «Арсенал» «Манчестер Ситимен» күш сынасады.

Матчтар 18-19 шілдеде «Уэмбли» стадионында өтеді.

Кубоктың қазіргі иегері — «Манчестер Сити». «Қалалықтар» былтыр турнирдің финалында «Уотфордты» 6:0 есебімен жеңіп, бұл жүлдені алтыншы рет иеленген болатын.

Англия кубогының иегерлері арасында рекорд — «Арсеналда». Лондондық клуб бұл турнирде 13 рет топ жарған. «Манчестер Юнайтед» олардан бір жүлдеге қалып тұр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *