Атырау облысына жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды

326

Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалды. Ол 13 шілдеден бастап облыстың бас санитар дәрігері болып жұмыс істеп жатқанын айтқан. Байғабыловтың айтуынша, Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберілді.

Сондай-ақ санитар дәрігер Атырау облысының тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы айтып берді. Айта кетейік, Байғабылов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс істеді. Оған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқарды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *