Басылымға жазылуға асығыңыз!

711

Қазір елімізде, келесі  2015 жылға,  баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр . «Қазақ газеттері»    серіктестігіне қарасты басылымдарда қызмет ететін журналистер қауымы да келесі жылдан үлкен үмітті. Ұлт газеті «Ана тіліне» қазірдің өзінде мыңдаған оқырман жазылып үлгерді. Пошта қызметкерлерімен бірлесе отырып, дәстүрлі ұйымдастырылған «Баспасөзге жазылу күні» оңтүстік астанадағы жүздеген оқырмандарымыз біздің басылымдарға жеңілдікпен жазылу мүмкіндігіне ие болды. «Ұйғыр авази» республикалық газетінің де мыңдаған оқырманы жылдағыдай үлкен белсенділік танытуда. Қоғамдық-саяси «Ақиқат» және «Мысль» журналдарына ғылыми ізденістегі, оқу орындарындағы ізденушілер мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері көптеп жазылады. Өскелең ұрпақтың әдеби шығармашылығын шыңдап жүрген «Үркер» журналының оқырмандары негізінен жас толқын болып келеді.

 Қазір қазақ басылымдарын қолдаймын деген оқырмандарға барлық жағдайлар жасалуда.Басылымдарды таратумен айналысатын мекемелер саны артты, олардың арасында іскерлік бәсекелестік қалыптасқан. Ұжымдасқан түрде келісім –шарт  арқылы жазылатын болсаңыз, газет-журналдарды редакция өздері жеткізіп береді. Олай болса, рухани азығыңыз, айнымас серігіңіз- газет-журналдарға жазылуды ертеңге қалдыра бермей, бүгіннен асығыңыз, ағайын.

«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты республикалық газет-журналдарға жергілікті жерлердегі басылымдар  ақпараттық қолдау көрсетуде. Біз өз әріптестерімізге шынайы ризашылығымызды білдіре отырып, сайт оқырмандарына осындай бірнеше материалды ұсынып отырмыз.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 21 қыркүйектегі 140-141 санында  жарияланған «Алаш арыстарының идеясы көнермейдi» деген мақала.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 21 қыркүйектегі 144-145 санында  жарияланған «Үркер — таланттардың үміті» деген мақала.