Қазақстандық банктер көлік шығарушылармен бірігіп, жеңілдікпен көлік несиесін беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.

155

n91kdXDvIcDmngZY908C7I1pБұл туралы lsm.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

2015 жылдың 16 сәуірінен бастап “Астана Моторс” банкпен бірігіп, жеңілдікпен көлік несиесін алу өтініштерін қабылдай бастады. Жеңілдік отандық көлік өндірушілерді мемлекеттік қолдау жобасының шеңберінде Қазақстанда жинақталған Hyundai маркілі көліктерге жасалады.

Компания есептеуі бойынша, “жеңілдікпен несиеге алынатын көліктердің орташа бағасы 3,3 млн теңге болған жағдайда, бөлінген 15 млрд теңге 4800 көлікке жететін болады. Олар екі-үш ай ішінде сатылып кетеді”.

Айта кетерлігі, жеңілдікпен көлік несиесі құны 5,6 млн теңгеден аспайтын тек Қазақстанда жасалған көліктерге беріледі. Аталмыш несиенің атаулы пайыздық мөлшерлемесі жылдық 4%-ды, тиімді мөлшерлемесі жылдық 7,5%-ды құрайды. Бастапқы жарнасы – көлік құнының 10-20%. Несие мерзімі – 5 жылға дейін.

“Астана Моторс” несиені рәсімдеу кезінде қосымша комиссия алынбайтынына баса назар аудартты. Қажетті құжаттар тізімі бұрынғыша болып қала береді.

Дереккөз: NUR.KZ