Анкарада Қазақстан мен Назарбаев даңғылы бар

292

Әлемдегі қазақстандық атауы бар көшелер белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің редакцияның ресми сауалына берілген жауапта шетелде бүгінге дейін 72 көшеге қазақстандық атау берілген. Баспасөз қызметіндегілер есепке алынбаған көшелердің де болуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Сонымен, Түркияның Гебзе қаласында Назарбаев даңғылы бар екен. Сонымен қатар, Кыршехир және Невшехир, Адана қалаларында да атауы Елбасының құрметіне қойылған даңғылдар бар екен. Ал Анкарада Қазақстан даңғылы бар.

Әлемдегі қазақстандық атауы бар көшелердің тізімі:

Түркменстан, Акдаш ауылы, Абай Құнанбайұлы көшесі
Түркменстан, Түркменбашы ауылы, Мәди Бегенов көшесі
Үндістан, Нью-Дели қаласы, Абай Құнанбаев көшесі
Тәжікстан, Ходжент, Шымкент көшесі
Тәжікстан, Душанбе, Казакон көшесі
Тәжікстан, Душанбе, Абай көшесі
Тәжікстан, Қорғантөбе қаласы, Казако көшесі
Иордания, Амман қаласы, Назарбаев көшесі
Қырғызстан, Бішкек қаласы, Абай Құнанбаев көшесі
Қырғызстан, Бішкек қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі
Қырғызстан, Бішкек қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі
Қырғызстан, Бішкек қаласы, Панфилов көшесі
Өзбекстан, Ташкент, Абай көшесі
Өзбекстан, Ташкент, Мұхтар Әуезов көшесі
Өзбекстан, Ташкент, Жамбыл көшесі
Өзбекстан, Ташкент, Сайрам көшесі
Өзбекстан, Ташкент, Шымкент көшесі
Өзбекстан, Ташкент, Қостанай көшесі
Германия, Берлин, Абай көшесі
Венгрия, Будапешт, Астана көшесі
Мысыр, Каир қаласы, Абай көшесі
Польша, Варшава, Қазақ көшесі
Ресей, Санкт-Петербург, Жамбыл Жабаев көшесі
Ресей, Санкт-Петербург, Әлия Молдағұлова көшесі
Ресей, Невель, Ибраим Сүлейменов
Ресей, Невель, Мәншүк Мәметова көшесі
Ресей, Мәскеу, Алматы көшесі
Ресей, Мәскеу, Қостанай көшесі
Ресей, Мәскеу, Молдағұлова көшесі
Ресей, Мәскеу, Панфилов көшесі
Ресей, Мәскеу, Панфилов даңғылы
Ресей, Зеленеград, Панфилов
Ресей, Шешенстан Республикасы, Грозый қаласы, Назарбаев көшесі
Ресей, Татарстан, Қазан, Назарбаев көшесі
Ресей, Дондағы Ростов қаласы, Қазақ көшесі
Ресей, Нахабино, Панфиловка көшесі
Ресей, Пермь, Панфилов көшесі
Ресей, Астрахан, Алма-ата көшесі
Ресей, Астрахан, Арал көшесі
Ресей, Астрахан, Балқаш көшесі
Ресей, Астрахан, Жамбыл көшесі
Ресей, Астрахан, Қазақстан көшесі
Ресей, Астрахан, Құрманғазы көшесі
Ресей, Астрахан, Түркістан көшесі
Ресей, Астрахан, Целиноград көшесі
Ресей, Астрахан, Қостанай көшесі
Ресей, Волгоград, Қазақ көшесі
Ресей, Волгоград, Батыс Қазақстан көшесі
Ресей, Волгоград, Жәнібек көшесі
Ресей, Самара, Алма-ата көшесі
Ресей, Саратов, Ақмола-1 көшесі
Ресей, Саратов, Ақмола-2 көшесі
Ресей, Саратов, Ақтөбе көшесі
Ресей, Орынбор, Ақтөбе көшесі
Ресей, Орынбор, Алма-ата көшесі
Ресей, Орынбор, Алтынсарин көшесі
Ресей, Орынбор, Жангелдин көшесі
Ресей, Орынбор, Қазақ көшесі
Ресей, Орынбор, Қарағанды көшесі
Ресей, Алтай Республикасы, Көш-Ағаш ауылы, Абай көшесі
Ресей, Омбы, Қазақстан-1 көшесі
Ресей, Омбы, Қазақстан-2 көшесі
Ресей, Омбы, Қазақстан-3 көшесі
Ресей, Омбы, Ш.Уәлиханов көшесі
Ресей, Түмен, Қазақстан көшесі
Ресей, Түмен, Қарағанды көшесі

Дерек көзі: Tengrinews.kz




One thought on “Анкарада Қазақстан мен Назарбаев даңғылы бар

  1. Зере

    Бұл ілтипат пен құрметтің нышаны болса керек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *