7 қаңтардан бастап біз жаппай пәтерлерді тексермейміз – ҚР ІІМ

252

2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап полиция қызметкерлері уақытша тіркелмеген азаматтарды жаппай іздеуге кіріспейді. Бұл туралы ҚР Ішкі министрінің орынбасары Рашид Жақыпов «Хабар» арнасына берген сұқбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

 «Біз тұрғындар берген ақпарат және жедел алдын алу іс-шаралары бойынша жұмыс істейміз. Заң 7 қаңтардан бастап күшіне енгеннен кейін ешкім жаппай пәтерлерді тексермейді. Оның қажеті де жоқ. Бізде көші-қон қауіпсіздігін сақтауға күш те, қаржы да, мүмкіндік те жеткілікті», — деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін біз жаңа талаптар азаматтардың қарсылығына қарамастан заңды күшіне енетінін, тіркеліп үлгермегендерге 10 АЕК немесе 22 690 теңге көлемінде айыппұл салынатынын хабарлаған болатынбыз. Бұл жаңа талап қоғам арасында қызу талқыға түсуде.




2 thoughts on “7 қаңтардан бастап біз жаппай пәтерлерді тексермейміз – ҚР ІІМ

  1. Жандос

    Тексеріс те керек. Қазір қоғамда қылмыс көп.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *