«Нұрлы жол» — экономикалық өсімнің драйвері

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы ұзақтығы 4,4 мың шақырым болатын 22 автожол жобасын іске асыру көзделген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме  жасап  Kazgazeta.kz.

 Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр айтып өткендей, Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша ұзақтығы 14 шақырым болатын Теміртау-Қарағанды учаскесін реконструкциялау жалғасуда.

«Біз Дүниежүзілік және Еуропалық банктер қаржыландыратын ұзақтығы 228 шақырым болатын Құрты-Бурылбайтал учаскесінің жұмысына кірісіп кеттік. Сондай-ақ, бюджет қаржысы есебінен ІІІ тоқсанның соңына дейін Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолы учаскесін реконструкциялау басталады. 2018 жылдан бастап Дүниежүзілік банк есебінен Балқаш-Бурылбайтал (297 км) учаскесін және Құрты-Қапшағай (67 км), 2019 жылы Қарағанды-Балқаш (364 км) учаскелерінде жұмыстарды бастауды жоспарлап отырмыз»,-деді вице-министр.

Биыл Орталық-Шығыс жобасын іске асыруға 106 млрд. теңге бөлінді. 675 шақырымда жұмыс жіргізілді және жылдыңсоңында Астана-Павлодар учаскесінің 230 шақырымында жолдың 4 жолақты қозғалысын ашу жоспарланған. Сонымен бірге, ұзақтығы 36 шақырым болатын соңғы учаске – Семей-Қалбатау бөлігіндегі жұмыс аяқталады.

Орталық-Батыс жобасы бойынша 2020 жылға дейін Денисовка-Қостанай (114 км) учаскесін аяқтау жоспарлануда.

Бұдан бөлек, министрлік ұзақтығы 2 мың шақырым болатын Жетібай-Жаңаөзен, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осиновасуы, Щучье-Зеренді сияқты жаңа жобаларды іске асыруға кірісті.

«Іске асырылған жобалар бойынша бірінші жартыжылдықта 112 млрд. теңге игерілді және бұл жобаларға 80 мың адам жұмылдырылды. Жыл қорытындысы бойынша бағдарлама шеңберінде 1 және 2 техникалық санаттағы 600 шақырым жолды аяқтау жоспарланып отыр, соның ішінде Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорғанавтожылының реконструкциясын толық аяқтау көзделген»,-деп атап өтті Роман Скляр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске қосылған Құрық портының теміржол паромдық кешенінде жыл басынан бері 420 мың тонна жүк ауыстырылып тиелді. Ал жыл соңына дейін аталмыш терминал арқылы шамамен 1 млн. тонна жүкті ауыстырып тиеу жоспарлануда.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағындағы «Құрғақ порт» пайдалануға берілгеннен бері 191 мың контейнер өңделді.

(2015 ж.–14мыңконтейнер; 2016 ж.–87мыңконтейнер; 2017 жылдың 6 айында – 90 мың контейнер).




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *