«Шаруаң болмасын!»..

259

Бірде автобуста мынадай оқиғаның куәсі болдым. Аялдамада қарт кісі автобусқа отырды. «Оңай» картасымен  төлем жасайын деген еді, ақшасы таусылған екен. Айналасына қарап, аңтарылғаны сол еді, жолсерік жас жігіт: «Оңайыңызда ақша таусылған, енді қолыма 150 теңге беріңіз» деп қақылдап тұрып алды. Қария «қалтамда небәрі 25 теңгем бар екен» деп ақтала бастады. Ана жігіт бүкіл автобусқа дауыс көтеріп, «Аға, ақшаңыз болмаса, жаяу жүрмейсіз бе, ұят емес пе, 25 теңгемен жүру деген сұмдық қой» деп айқайлай жөнелді. Сәлден соң «Аға, бағанағы 25 теңгеңізді беріңіз», деп онысын да алып алды.  Автобустағы жолаушылар  сөзге араласып, «Әкеңдей адаммен қалай сөйлесесің, ұятың қайда?» дей бастады. Сонда жолсерік жігіт «Қазір ұятты ойлайтын заман емес. Қайта мына кісі ұялмай ма, жолақысын төлемей жүруге» деп дөрекі жауап қайтарды. «Сенің әкеңе біреу осылай айтса, жақсы ма?» деген қызға «Шаруаң болмасын!» деп қысқа қайырды…

 Осындай сорақы жағдайларға күніне бір мәрте куә болуға тура келеді. Қайырымдылық, қамқорлық, әдептілік сияқты асыл қасиеттердің орнына ақшақұмарлық, дөрекілік, үлкенді сыйламау, әдепсіздік сияқты жағымсыз көріністер  байқалуда. Қалтаның қамын ғана ойлап, адамгершіліктен алшақтап бара жатқан қоғамымызды қалай жақсартуға болады? Осы сұрақтар адамдарды мазалай ма екен?..




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *