Қарттарын қадірлеген ел ардақты

522

Бүгін,  қамқорсыз жандардың басын қосқан әлеуметтік шаңырақта  үлкен мерейтой аталып өтті. Белгілі актриса Айымторы Тайғаринова 80 жасқа толды. «Қазақ газеттері» ЖШС мен Әйелдер клубы қарттар үйіне құттықтап барды. Кезінде қазақ сахнасына ерең еңбек сіңірген апамыздың ізінен ерген ізбасар шәкірттері- «Қуыршақ» театрының әртістері  концерттік бағдарламамен көпшілікті қуанышқа бөледі.Өзімен үзенгілес әріптестері де Айымторы апамыздың көңілің бір марқайтты.

 Айымторы Каспийқызы, Ақмола облысының бұрынғы Ақмола ауданының «Шалқар» кеңшарында осыдан 78 жыл бұрын дүниеге келген. Балалық шағы ашаршылықтан Ұлы Отан соғысына ұласқан ауыр жылдарда өткен. Ата-анадан ерте айырылған соң, аға-жеңгесі бауырына басады. Сабақты жақсы оқиды. Тағдыр тауқыметімен кешкі мектепке ауысады. Күндіз халық сотына іс қағаздарын тасушы (курьер) болып жұмысқа орналасады. 1956 жылы Алматыға келіп, Алматы облыстық сотында қызмет істейді.Жұмыстан тыс көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып жүргенінде тума талантын байқатқан оны М.Әуезов атындағы өнер студиясына шақырады. Театрда Нұрмұхан Жантурин, Рахия Қойшыбаева сынды өнер саңлақтарымен бірге өнер көрсетеді. Сөйтіп, театрда 15 жыл жемісті еңбек еткен Айымторы Қаспийқызы бүгінде тағдыр тауқыметімен қарттар үйінде тұрып жатыр.

Қарттық – дауасыз дерт. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету биік адамгершілік қасиет емес пе? Қай халықтың  болмасын, үлкенді сыйлап, құрмет көрсету түпкі тамырында  тереңінде жатыр.

Жанарбек Әлихан

                 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *