400 БАЛА «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚОНАҚ БОЛДЫ

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті наурыз айындағы қайырымдылық шаралары қатарын тағы толықтыра түсті. Астана қаласы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен» бірлесе отырып, 13-наурыз күні 400 балаға арналған қайырымдылық дастарханы ұйымдастырылды.

Астана қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған (науқас сәбилер, жетім балалар, көп балалы отбасындағы балалар, т.б.) 400 балаға арналған шара аясында бүлдіршіндер «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, құлшылық ордасымен танысты.

Сондай-ақ, арнайы дастархан жайылып, балаларға арналған концерттік бағдарлама қойылды. Бұған қоса, бүлдіршіндерге арналған викториналық және спорттық түрлі ойындар ұйымдастырылып, сый-сияпат үлестірілді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *