Алматы ІІД Ratel.kz және Forbes журналистерінің тергеуіне қатысты мәлімдеме жасады

137

Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің өкілдері Ratel.kz және Forbes Қазақстанның журналистеріне қатысты тергеу шараларының барысы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

 Қазіргі уақытта Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестіріне тіркелген аталған қылмыстық іс аясында редакциялардың бірнеше қызметкеріне қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болды.

«Арыз фактісі бойынша Ratel редакциясында, тұлғалардың тұрғылықты мекенжайында, Forbes редакциясының офисіндегі жұмыс орнына тінту жүргізілді. Фигуранттарға тергеу сұрақтары қойылды. Содан соң оларды ешкім ұстамады. Бұл іс бойынша ешкім қамауға алынбады. Бүгінде іс фигуранттарының куәгер дәрежесі бар. Олардың қорғалу құқы бар», — деп хабарлады Алматы ІІД-ден.

Полицейлер барлық шара «заңнама және адам құқықтарының талаптарын қатаң сақтау» арқылы жүріп жатқанын айтты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *