«Жаныңда жүрмін…»

2018 жылдың 15 мамыр күні, кешкі сағат 17.00-де Алматы қаласының М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық драма театрының қара шаңырағында ақын, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты республикалық «Үркер» жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналы бас редакторының орынбасары Жарас Сәрсектің «Жаныңда жүрмін…» атты мерейтойлық шығармашылық кеші өтеді. «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылып отырған кешке Рамазан Стамғазиев, Ержан Белғозиев, Бекжан Тұрыс, Сәкен Майғазиев, Саят Медеу, Роза Әлқожа, Бауыржан Бегазов, Баймағамбет Мұқатай және тағы басқа өнер және мәдениет қайраткерлері қатысады.

Мерейтой иесі  Алматы облысы, Ұйғыр ауданына қарасты Сүмбе ауылында туған. 1990 жылы әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультетінде оқып, кейін «Өркен-Горизонт», «Жас қазақ», «Жетісу», «Әдебиет айдыны» «Заң» газеттерінде, «Парасат» журналында редактор, бөлім бастығы, бас редактордың бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

Жарас Сәрсек «Керуен көшіп барады», «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім», «Қастерлім», «Түнемел», «Жан –арымның жарығы» атты жыр жинақтарының авторы. Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, «Қастерлім» жыр жинағы үшін 2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған.

Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Алаш ақынының шығармашылық кешінен қапы қалмай, рухани мұрамен сусындаңыз, ағайын!




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *