Астанада ІХ Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы өтуде

228

Бүгін Астанада ІХ Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы өз жұмысын бастады. Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев елдегі тау-кен өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті.

«Еліміздегі тау-кен өнеркәсібі саласы мұнай-газ секторынан кейінгі өнеркәсіп көлемі ауқымды салалардың қатарында тұр. Тау-кен өнеркәсібі секторында 655 ірі және шағын компания жұмыс жасайды. Бұл Қазақстанға сенеді, Қазақстанға инвестиция салады дегенді білдіреді. Қазір «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының құрылысы аяқталғанын өздеріңіз білесіздер. Аталған автожол арқылы өтетін транзит көлемі жыл сайын 20%-ға артып келеді. Мұның барлығы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер ететін факторлар», – деді вице-министр.

Фото:BAQ.KZ

Дереккөз:Baq.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *