Ақтөбеде жеміс-жидек бағы отырғызылды

143

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ орталығын абаттандыру жұмысымен танысты. Ең алдымен өңір басшысы Қарғалы (Нұр Ақтөбе) тұрғын үй алабында ағаш отырғызуға қатысты. Энергия үнемдеу орталығы ғимаратының жанынан жеміс-жидек бақшасы мен демалыс орнын ашу жоспарланып отыр. Қарғалы ауылының үлкендері, мемлекеттік қызметкерлер, мамандандырылған көгалдандыру мекемелерінің қызметкерлері 500 алма, алмұрт және өрік ағаштарының көшеттерін отырғызды. Жақын күндері демалыс орны тағы жөке және үйеңкі ағаштарының 1500 көшетімен толықпақ.

«Алмалар мен өріктер біздің климаттық жағдайға толығымен бейімделген, жергілікті тәлімбақтарда өсірілген. Осы көктемде қала бойынша 200 мыңға тарта емен, үйеңкі, жөке, тал және тағы басқа қылқанжапырақ пен бағалы тұқымдас ағаштарды отырғызамыз. Бұдан басқа, тағы 200 мың көшет қаладағы жасыл белдеуді толықтырады», — деді қалалық тұрғын үй-шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлібек Серікбаев. Жеміс-жидек бағын отырғызуға қатысқан облыс әкімі тұрғын үй алабының халқымен тілдесті. Жеміс-жидек бағын отырғызуға қатысқан облыс әкімі тұрғын үй алабының халқымен тілдесті. Өз кезегінде, жергілікті тұрғындар жасыл желектер мен аумақтың басқа да абаттандыру нысандарына ұқыпты қарауға уәде берді. «Біздің тұрғын үй алабымыз үлкейіп, жақсарып келеді, тұрғындардың жүріс-тұрыс мәдениеті өсіп келеді», — деп атап өтті аудан тұрғындарының бірі Мұқан Қазкеев.

Дереккөз: Baq.kz

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *