Астанада 500 домбырашы Құрманғазының күйлерін орындады

264

Астанадағы Бәйтерек» монументінің маңында 500 домбырашы оркестр құрап, Құрманғазының күйлерін орындады, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Астаналықтарды ерекше қуанышқа бөлеген флешмоб жайлы: «Бұл шара Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Байтақ» қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен мәдени мұрамыз бен ұлттық рухани құндылықтарымызды кең көлемде насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Қазақтың әсем күйлері арқылы жастарды патриотизмге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа шақырғымыз келеді. Бірегей шарамыз Қазақстан халқының бірлігі күніне тұспа-тұс келді. 500 домбырашы Қазақ Ұлттық өнер университетінің, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың, Аграрлық университеттің студенттері, Оқушылар сарайы мен №3 музыкалық мектептің оқушылары және қала тұрғындары. Алдағы уақытта мұндай флешмобты бұдан да ауқымды етіп өткізу жоспарда бар», — дейді «Байтақ» қоғамдық қозғалысының төрағасы Жаңарған Құралұлы.

Қазақтың киелі домбырасын күмбірлетіп, Астана аспанына шарықтатқан өнерпаздарға танымал ақындар — Мұхтар Ниязов, Серікзат Дүйсенғазин мен Мейірбек Сұлтанхан өлеңмен өрнектелген арнау айтты. Оркестрдің дирижері — Нұрлан Бекенов болды, Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орынап, тыңдармандарының ризашылықтарына бөленді. Күйшілердің ең үлкені 74, екі кішісі он жаста екен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *