Өнерлінің өрісі кең

140

Алматыда С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының 100 жылдық мерейтойына орай баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға аталған институттың әр жылдардағы түлектері мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық ұжымы қатысты.   
Баспасөз мәслихатының барысынжа алдағы уақытта талантты режиссерлер мен актерлердің ізін жалғайтын жастарды тəрбиелеу мен екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттырудың маңызы сөз болды.

Институт ректоры Владимир Малышев Қазақстан өнер қызметкерлерімен шығармашылық байланыстар жөнінде айтып өтті. Алдағы уақыттағы жоспарларын тілге тиек етті. Сонымен қатар келесі жылы Мәскеуде өтетін мерейтойға барша институт түлектерін шақырды.

Кеңес Одағы заманынан бері актерлік өнердің бастау бұлағы болған оқу орнында қазақ кино өнері мен мәдениетіне қомақты үлес қосқан Сатыбалды Нарымбетов, Сергей Азимов, Лаврентий Сон сынды белгілі тұлғалар бар.
Мерейтой аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстандағы БМКИ күндері» аталып өтіп, ұстаздар актерлік курстар бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Сондай-ақ, сапар барысында институттың дарынды студенттері «Евгений Онегин», «Говорящий немой» атты қойылымдар мен концерттік бағдарламаларын алматылық көрермендердің назарына ұсынды.

Арай ЖҰМАТАЙ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *