Алматыда «Ұлы дала-2018» этнофестивалі өтеді

1810

«Ұлы дала-2018» фестивалі 23-24 маусым күндері «Боралдай сақ қорғаны» саябағында өтеді. Фестиваль қонақтары — Венгрия, Моңғолия, Украина, Өзбекстан, Башқұртстан, Дағыстан, Саха, Тыва, Алтай Республикасы халқының өкілдері.

 

Бұл жолғы фестивальда батырлардың жекпе-жегі ғана көрсетіліп қоймайды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық өнері «Бәйгеден» жарыс ұйымдастырылады. «Биылғы фестивальдің былтырғыдан айырмашылығы сайыс тізімін тағы бір қазақтың ұлттық спорт түрі толықтыруында. Бұл жолы бәйге өтеді. Сондай-ақ қолөнершілер түрлі шеберлік сабағын өткізеді. Фестиваль қонақтары ұлттық дәмнен ауыз тиеді. Биылғы шараның басты ерекшелігі ретінде бас жүлдеге автокөлік тігілетінін айта кету керек»-деді «Ұлы дала-2018» фестивалінің ұйымдастырушылары.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *