«Проактивті өмірді таңда!»

158

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалы бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алуға байланысты акция өткізді. Атаулы шара Алматы қаласы №1 емханасында жүргізілді, оған 200-ге жуық жас ана қатысып, цифрлық сауаттылығын арттырды.

Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын проактивті қағидатқа сәйкес мемлекет халықты қажетті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді. Алғашқы кезеңде бұл жоба нәрестенің өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша енгізілді.

Енді сәбилі болған ата-аналарға бала туу бойынша қызметтерді алу үшін фронт-офистерге барудың қажеті жоқ. Былтырғы жылдың аяғында іске қосылған жобаға сәйкес жаңа босанған ананың телефонына автоматты түрде SMS-құттықтау келіп, қызметтерді проактивті тәсілмен алуға ұсыныс жасалады. Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

«Бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен алуға ынта білдірушілер саны күн сайын артып келеді. Биылғы жылдың 5 айында Алматы қаласы бойынша 7663 анаға арнайы SMS арқылы құттықтау жіберілді.Осы уақыт ішінде 4 мыңнан астам туу туралы куәлік алынып, екі мыңға жуық сәби балабақша кезегіне қойылып, 732 жәрдемақы проактивті түрде тағайындалды.Бұл қызметті насихаттау мақсатында түрлі акциялар өткізудеміз. Күн сайын перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Осы орайда бізге қолдау көрсетіп жатқан Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз», — деді филиалдың қоғаммен байланыс жөніндегіменеджері Жаңыл Әпетова.

       

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы мамандары акция барысында 200-ге жуық анаға мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен алу жолдарын үйретіп, ақпараттық парақшалар таратты.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *