«Гүлдей жайна, Астана!» балалар мерекесі

121

Ертең сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде «Гүлдей жайна, Астана!» балалар мерекесі өтеді. Елорданың 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шара «Бала және мәдениет» жобасы аясында жүргізілмек.

Астана қ. Білім басқармасына қарасты, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен Елбасы кітапханасы үшін жыл сайын Астана күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Бұл – мекемелер арасындағы табысты серіктестіктің жемісі. Биылғы мерекелік іс-шара № 37 «Арман» балабақшасының ұжымымен бірлесіп дайындалды. Мерекеге Білім басқармасының әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, балабақшаның тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысады.

Достық пен жылу әлемі, мерекенің ерекше атмосферасы бүлдіршіндерді елорданың тарихи оқиғаларымен жақындастырып, бас қала мен мемлекетке деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Мереке барысында әдеби-сазды композициялар, театрлық көріністер, би қойылымдары көрсетіледі. Бүлдіршіндерге ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар табысталмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *