Үндістанда бір отбасының 11 адамы асылып қалды

168

Үндістандағы Жаңа Дели қаласының Берари елді мекенінде бір отбасының 11 адамы бір күнде ажал құшты деп  «“South China Morning Post» мәлімдеді.

Марқұм болған 10 адам асылып өлген. Ал 70 жастағы қария еденде сұлаған күйі қалыпты. Қаза тапқандардың қолдары маталып, көздері байлаулы болған.  Марқұмдар туралы 1 шілде күні таңертең жүгіруге шыққанда көршісі біліп полицияға хабар берген. Полицейлер кісі өміріне жасалған қастандық деп тұжырды. Десе де  кенет ажал құшқандардың өлім  себебін анықтай алмаған сақшылар мәйітті союға жіберді.

Қаза тапқандардың көбісі сол орында 20 –дан астам жыл өмір сүрген екен. Марқұмдардың бірде-біреуінің денесінде сызат немесе сырқат белгісі жоқ. Белгілі болғаны үйдің қожайыны сүт фермасын жұмыстатады. Бұл әулет бизнесмендер отбасы болған. Тағы бір дерек бойынша отбасы оккультизммен айналысқан. Соңғы күндері отбасы мүшелері бір тойға қызу дайындалған екен. Қазір істің нақты мән-жайы тексерілуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *