Астананың 20 жылдық мерейтойында 100 шара өтеді

105

Астана қаласының 20 жылдығына орай  жүз шара ұйымдастырмақ. Бұл туралы елдің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

Астананың туған күнінде Voice of Astana (Астана дауысы) халықаралық эстрада әндері фестивалі, Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған ресейлік эстрада әншілерінің қатысуымен концерт, халықаралық симфониялық оркестрдің орындауында Карл Дженкинстің Shine Astana одасының тұсаукесері, Бейжің және Астана опера театрларының концерті өтеді.

«Қазақстан — әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Барлық ел халықты тарту үшін өнер арқылы өз жетістіктерін көрсетуі тиіс. Имидждік шаралар осы үшін ұйымдастырылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз барлық шараны ірі әлемдік театрлармен немесе концерттік ұйымдармен бірлесіп өткізіп жатырмыз. Бұл – қажет»,-деп Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Қазақстан үкіметі Астананың 20 жылдығын атап өтуге 19 миллиард қаражат  қарастырғанын мәлімдеді. Бүгін Үкімет отырысынан кейін Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Астананың тойына облыстар сый жасаса қаржы қарастырылмайтынын шегелеп айтты. Оның айтуынша Астананың мерейтойына демеушілер мен бизнесмендер ерікті түрде тарту-сый жасайды. Жергілікті бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбейтін болды.

Ал Астананың 20 жылдығын келістіріп жасау үшін жанталасып  жүрген елдің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  жұмсалатын қаржыны үнемдегісі келетінін жеткізген еді. Министрдің сөзіне қарағанда әлемдік жұлдыздарды шақыру шаш етектен шығынға батырады.

«Элтон Джон, Леди Гаганы шақырып, формула-1 шарысын өткізе алмаймыз. Жалғыз Элтон Джонның өзіне бөлінген бюджеттің жартысы кетер еді. Айтылған сынға келсек, біз жоспарланған іс-шаралар тізімін ертерек беруіміз керек еді. Қаржы министрлігі бізді толықтай қолдады, қаражат бюджетте қарастырылған. Біз мерекелік бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне барлық күшімізді саламыз» дейді министр.

Дереккөз: azattyq.org




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *