Ар мен абыройды ақшаға сатып алып жүргендердің қылмысы әшкере болды

2038

Астана мерекесі қарсаңында наградаға ақша төлеп жалған абырой жинаған азаматтардың ісі елге әшкере болды.

«Астана күніне орайластырылған шарадан кеудеңізге орден тағып кетем десеңіз 1 миллион 750 мың теңге ақша төлейсіз. Елімізде бизнесін өркендетіп отырған кәсіпкерлерге осындай хаттар келе бастаған. Онда сіздің айырықша кәсіби жетістіктеріңіз және экономиканы дамытуға қосқан үлесіңіз үшін Қазақстанның құрметті азаматы орденімен марапатталасыз»,- делінген.

Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бұл атақты саудаға салғандардың ісін қылмыс деп таныды. Оның айтуынша, «Қазақстанның құрметті азаматы» болу үшін Парламенттің шешімімен, Президенттің Жарлығымен берілуі керек болатын. Бір-екі кісінің шешімімен атақты сатып алып жүргендердің қылмысына қатысты заңгерлер де деректер келтірді. Соңғы 3 жылда 150-ден астам адам Қазақстанның құрметті азаматы орденіне ие болыпты.

«Бұл заңға да, адамгершілік факторға да сыймайтын мәселе»,-дейді заңгер Жандос Тұяқов. Заңгердің пәтуасына қарағанда Қазақстанның құрметті азаматынан басқа да сыйлықтар мен атаққа қатысты қылмыстың беті ашылатын болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *