Жетістік күнделігі

310

Американдық актер Ричард Гир «Жетістік күнделігінде» жетістіктің сырымен бөліседі. Оның еңбегінде мотивациялық кеңестер көп айтылады. Автор кітабында өмірде кездесетін кейбір келеңсіздіктерге төтеп беруге жөн сілтейді.

  1. Адам депрессия жағдайында ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтап, байыбына баруға қауқарсыз келеді.
  2. Құдай – шексіз ұлы болғандығы сонша, сен оған зияныңды тигізе алмайсың.
  3. Сенің қателіктерің – Құдай сүйетін игіліктер болып шығуы ғажап емес.
  4. Шындықты іздемеңіз, ол – жоқ! Болса, іздеудің қажеттігі болмас еді.
  5. Ешқашан еркіңізден тыс дүниені жасамаңыз. Кітап оқыңыз, балыққа барыңыз, тамақ дайындап, таза ауада серуендеңіз – әрқашан көңіліңізге ұнаған іспен ғана шұғылданыңыз.
  6. Егер қателігіңді өз қолыңмен жөндей аларп болсаң, қателеспеген болуың да мүмкін.
  7. Мықты болу дегеніміз – жалғыз болу.
  8. Мықты болу жалғыз болудан гөрі жақсырақ. Қайсысын таңдап, кіммен бірге болу керектігін өзің таңда.
  9. Әр адам өз басына жалғыз, тек мықтылар ғана бәрін уақытша деп қабылдауға қауқарлы.
  10. Әлемге деген көзқарасыңызға мұқият болыңыз, сонда жеңіске деген күшіңіз нығая түседі.
  11. Өткен шақтағы қуанышыңыздың ұзаққа созылмағанын ешқашан ойламаңыз, бұл ой өзімен бірге ауыр азап әкеледі…
  12. Жеңу үшін дұшпаныңды да жақсы көре біл.
  13. Жігеріңді құм еткісі келетіннен қорықпаңыз, ол керісінше, сізден әлсіз болуы себепті осындай қадамға барады.
  14. Жауыңнан гөрі мықтырақ болу үшін оның әлсіз тұсы үнемі жіті назарыңда болсын!
  15. Өз ережелеріңмен өмір сүруің жақсы, әлемнің тілінде ән үйренуге міндетті емессің.
  16. Өзгелермен қарым-қатынасыңа мұқият бол, бұл тәсіл басыңды бұлт шалған сәтті кімнің кім екенін анықтауға жақсы көмектеседі.
  17. Қарғыстан алыс бол, біреудің өзіңді мақтауына жол бермеңіз. Себебі мұның екеуі де жақсылыққа апармайды.
  18. Жолыңда қиындық кездесе берсе, сен ең жақсы жолмен келе жатырсың деген сөз. Себебі, қиын жолда жолаушы саны аз болады.
  19. Ешқашан асықпа. Уақыттан ұлы емессің.
  20. Үнсіздік – күштің қайнар бұлағы.

                                                        Аударған Әсел Алданазарова

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *