Арландар футбол клубы Брага қаласының кубогында қарқынды ойын көрсетті

68

Қазақстьандық Арландар футбол клубы  Брага қаласының кубогы үшін болған турнирге қатысып келді. Турнир 1-7 шілде аралығында болды. 13 жасқа дейінгі балалар арасындағы турнирге 32 команда бақ сынасты. Арландар командасы 5-орынға ие болды. Жеребе бойынша қазақстандық клуб ойыншылары жергілікті атақты клуб Брагалонамен бір топқа түсті. Сондықтан біздің жеткіншектердің әрбір ойынын жергілікті халық жібермей тамашалады. Әсіресе, Брагалона-Арландар матчы өте тартысты болды. Жергілікті халық өз клубына қолдау білдіру үшін матчқа көп жанкүйерлер жиналды. Топтық кезеңде Брагалонадан Арландар 0:1 есебімен ұтылды. Ал 5-орын үшін болған ойында Брагалонамен қайта кездесіп 2:2 тең түсіп, пенальтиден 2:3 болып жеңіске жетті. Жалпы турнир барысында іріктеу, топтық кезеңдерінен сүрінбей өтіп (топтан Брагалона 1-орынмен, Арландар 2-орынмен шықты),  Ширек финалда турнирдің жеңімпазы атанған Лиссабонның Белененсеш клубына жол берді. Брага стадионында турнирдің жабылу салтанатында Арландар Қара жорға биледі. Қазақстандық команданың құттықтауынан кейін Криштиану Роналдудың телефон арқылы тікелей құттықтау сөзін біздің жас теңбіл доп иелерін одан сайын қанаттандыра түсті.

Арландар клубы жайлы ақпарат: Өткен жылы алғаш Португалияға  Қазақстан атынан барған клубты ешкім білмейтін еді. Португалияның бұқаралық ақпарат құралдары көп жазғандықтан, стадиондарда жанкүйерлер көбейді. Арландардың Қазақстаннан гөрі Португалияда танымалдылығы басым.  Арландар клубының ойыншысы Ахметов Алижан Брагалона футбол академиясына оқуға қабылданды. Брагалона мен Арландар футбол клубтары Португалия-Қазақстан футбол ассоциациясын құруға келісті.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *