MDP Global Classroom бағдарламасы және ҚазҰУ жастары

985

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универcитетінде Master plan for the development of Global Classroom бағдарламасы тұрақты  қолданыста. Аталған бағдарлама жөнінде Пан Ги Мун университетінің Қазақстан Республикасындағы  тұрақты өкілі, Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры, бағдарлама жетекшісі Рафис Абазовпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Рафис мырза, ХХ ғасырда әлем табиғат ресурстарының 20% жойды, Қазақстанда Аралдың тартылуынан, аумақтың 28%-ы құнарсыз жерге айналды, келесі он жылда бұл көрсеткіш 100%-ға жетуі мүмкін. MDP бағдарламасы бұл мәселелерді шешуге көмектесе алады ма?

Қазақстанның белсенді мемлекет ретінде қатысқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші саммиті (2015 ж. 25-27 қыркүйек), Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзге БҰҰ мүше-мемлекеттердің президенттерімен, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бағдарламалары еліміздің бейбітшілік пен келісім саясатын құптайтын, жаһандық дамуға арналған жаңа құжатқа қол қойған тарихи сәттен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың маңызды мәселелері бірге талқыланып отыратын мәмілеге келді. Тұрақты даму бағдарламасы әлем елдері азаматтарының өмір сүру сапасын көтеруге, экономика, гендерлік саясат, экология, туризм, қауіпсіздік, жағдайларын  жақсартуға бағытталған. MDP Global Classroom тұрақты дамудың 17 мақсатына жету жолында ұйымдастырылған студенттерге арналған бағдарлама. Атап айтсақ, өткен оқу жылы бойы аптасына 2 рет Нью-Йорктегі Колумбия университеті ғалымдарының қатысуымен онлайн, авторлық дәрістер оқылды. Дәрістен бөлек, студенттер үшін арнайы ғылыми жобалау тапсырмалары да берілді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы негізінде республикада қазіргі уақытта дамудың бас жоспары ретінде қандай жобалар өзекті?

Өткен оқу жылында студенттердің өзіндік таңдауы бойынша 5 мақсатты тиек ететін 5 түрлі жобаларға зерттеу жүргізілді. Әлеуметтік кәсіпкерлік, экотуризмнің дамуы және маркетингі, электронды қалдықтарды өңдеу, заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету,  барша адамдардың, соның ішінде мүгедек адамдарды да жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу. Алматы қаласы және Алматы облысындағы өзекті мәселелер болғандықтан, зерттеу тақырыптары маңыздылығына қарай таңдалды. Жоба серіктесі болған Қазақстандағы Британ өкілдігі. Қатысушылары ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің 1-курс магистратура студенттері.

Бірінші жоба мақсаты бойынша Қазақстанның ірі мегаполистерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуетін бағалауды қамтамасыз етеді. Соңғы бірнеше онжылдықта әлеуметтік кәсіпкерлікке ерекше назар аударылды, әсіресе республикамызда. Біріншіден, бұл бизнес қауымдастығы мен Қазақстан үкіметінің салыстырмалы түрде жаңа тұжырымдамасы (бұрынғы одақтас елдерде — 1990 жылдардың ортасынан бастап 30 жыл бұрын батыста пайда болған). 2017 жылға қарай профильдік қауымдастығының мәліметтері бойынша Қазақстанда 150-ге жуық әлеуметтік кәсіпорын тіркелген. Екіншіден, бұл қызмет түрі — мемлекет үшін жаңа құбылыс. Әлеуметтік кәсіпкерлер — үкіметке бірнеше маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін серіктестер. Сондықтан, қаржыны коммерция есебін көбейту емес, қаржыны қоғамдық проблемалардың шешу құралы ретінде пайдалану қажет. Қарапайым мысал: сәтсіздікке ұшыраған дәстүрлі кәсіпкер, кәсіпорындағы жұмысын тоқтатады, ал әлеуметтік кәсіпкер әлеуметтік көмекке мұқтаж халықтың үлкен бөлігіне ішінара көмек көрсетеді, әдетте ол  ұзақ мерзімге дейін жұмысын жалғастырады. Әлеуметтік жобалар таза судың жетіспеушілігі, балалардың құқықтарын бұзу және т.б. сияқты мәселелерді қамтиды. Зерттеу нысаны болып саналатын Польша, Ұлыбритания, Филиппин елдерінің  бизнес жобаларынан тәжірбие алынып, кәсіпкерлікті алға жылжыту үшін қажетті әрекеттер ұсынылды; елдегі кәсіпкерліктің пайда болған уақыты мен қазіргі уақыттағы жағдайы егжей-тегжейлі салыстырмалы бағаланды.

Екінші жоба Алматы қаласы және Алматы облысындағы экотуризм мен маркетингінің даму деңгейін анықтауға арналған. Экотуризмді дамыту республиканың экономикасын тұрақты дамытудың негізгі факторы. Дамыған туристік инфрақұрылымның қалыптасуы еліміздің барлық экономикалық секторына оң әсер етеді. Өйткені туристік ағынның өсуі бірқатар салалар бойынша: көлік, сауда, құрылыс, байланыс және басқа да кірістерді қамтамасыз етеді. Үшінші жоба электронды қалдықтарды тиімді жолмен өңдеу жобасы. Қоқыстардың басты бөлігін алатын электронды қалдықтар адам өміріне әрі табиғатқа зиян екендігі белгілі. Қазақстанда электронды қалдықтардың салыстырмалы көлемі жыл сайын 105 399 тоннаны құрайды. Бұл  көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі статистика  комитетінің электронды өнімдердің импорты мен өндіру ресми деректері негізінде алынған. Жоба мақсаты Алматы қаласының тұрғындарын «жасыл» кеңістікке жақындату, экологиялық жобаларға қатысуына ынталандыру және азаматтардың осы мәселеге байыпты түрде ойын өзгерту қажеттілігі. Электронды қалдықтарды дұрыс пайдалану мәселесі бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру. Алматы қаласында орталықтандырылған қоқыстарды жинау орындарын ашу. Заңнамадағы кемшіліктерді анықтап, оңтайлы шешімдерді ұсынуды жүзеге асырады.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар туралы айта кетсеңіз?

Елімізде бұл бағдарлама арқасында жаңадан 150-ден астам жұмыс орындары құрылады, нәтижесінде 5000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыздандыруға болады, экономикалық, инновациялық ашылулар пайда болады, алайда алдымен оның қоғамның дамуына, баршаның толыққанды салауатты өмір сүруіне жәрдемдеседі. Сондықтан әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын азаматтық институттар бар, олардың бірі Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Палата қазіргі кезде әлеуметтік кәсіпкерлік үшін құқықтық жағдай жасауды ұсынып отыр. Келешекте  әлеуметтік миссия, инновациялық тәсіл, ресурстың жаңа көзі, аймақ үшін оңтайлы қызмет түрі, өзін-өзі қамтамасыз ету және қаржылық тәуелсіздік сияқты мәселелерге көп көңіл бөлуде. Бір жағынан әлеуметтік кəсіпкерлікті арқасында, қоғамдық мəселені шешуге болады, ал екінші жағынан — коммерциялық мəселелерді. Айта кетелік, Ұлыбританияда бұл бизнес айтарлықтай дамыған, себебі ол ЖІӨ-нің шамамен 10% құрайды. Қазақстандағы деректер мүлдем басқа, сондықтан сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы қажет. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының  функцияларын орындауда мәселелерді шағын бизнес субъектілеріне бағыттауға жәрдемдеседі, сонымен қоса  ҰКП бюджетті үнемдеуге әкелетін шағын және орта бизнесті қолдайды.

Бір жыл бұрын БҰҰ-ның студенттік конференциясында Афганистан елінің ең жас әйел, парламент депутаты Нахид Фарид ханым: «Ер мен әйел – бір құстың қос қанаты» деп еді, қазақстандық әйелдердің бизнесте, билік өкілдігінде ерлермен тең болуына қандай баға бересіз?

Қазіргі кезде әйелдер де мемлекет көшбасшылары мен идеологиялық рухтандырушылары болып табылады. БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттары бойынша, гендерлік теңдікке ұмтылатын бесінші, әйелдердің құқықтарын қорғау және жәрдемдесуге арналған мақсат бар. Егер қоғам мүддесіне жұмыс істейтін әлем әйелдерінің үлесі жайлы баяндасам, Ұлыбритания мен АҚШ сияқты батыс елдерде әлеуметтік кәсіпорындардағы әйелдердің үлесі 65% -дан асады, Азия мен Шығыста бұл көрсеткіш шамамен 50% -ды құрайды. Зерттеулерге сүйенсек, әйелдердің әлеуметтік қызмет түрлерін жасауға деген ықыласы жоғары, өйткені олар табиғатынан ерлерге қарғанда жанашырлық қасиеті өте мол. Бұдан басқа, әйелдердің келесі ерекшеліктер бар: коммуникацияның жоғары дәрежесі, жауапкершілік сезімі, ашықтық пен икемділік, табиғи эмпатия, эмоционалды сезімталдық. Сонымен қатар, ғалымдар әйел кәсіпкерлердің мотивациясын атап көрсетеді: әйелдер бизнесте жауапты адамдармен іскер болады. Қазақстанда гендерлік теңдік жайлы түпкілікті білу үшін магистранттар интернет желілерінде сауалнама жүргізді. Әңгімелесіп, сауалнамаға қатысқан әлеуметтік кәсіпкерлердің тек 30,77% -ы ғана, әйелдер мен ерлер гендерлік мәселе маңызды рөл атқаратындығы туралы келісті, алайда респонденттердің көпшілігі 61,54% кәсіпте ер мен әйел адамдар арасындағы айырмашылықты көрмеймін деп жауап берді.

 Қазақстан әлемнің дамыған 30 ел қатарына енуге мақсат қойды, сіздің пікіріңізше ықпалды мемлекетке айналу үшін қай саланы дамытқан жөн?

Жоба қатысушылары осы сұраққа қатысты ғылыми талдаумен айналысты. Республикамыздың озық елдер қатарына енуіне барлық салалардың әсері тиеді. Қазіргі қойылған мақсаттар мен талаптар: елдің өмір сүру деңгейін жақсарту, білімді, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу, шағын және орта бизнесті дамыту, туризм мен экотуризмді нарық талабына сай сапасын көтеру. Қазақстан үкіметі елдегі туризмді дамытуға арналған жаңа мемлекеттік саясатты – 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту концепциясын енгізді, жақын арада Алматы қаласында туристік кластерлерді құру көзделген. Осы концепцияны әр облыстағы туризмді дамытудың бас жоспарын жасау үшін магистранттар Қазақстан туризм қауымдастығымен бірлесе іздену жұмыстарын жүргізді, консультациялар және мұрағат материалдарын пайдаланды. Бұл құжаттар мен зерттеулер еліміздің аумақтық әлеуетін тиімді пайдаланудың негізін құрды, өйткені туризм саласында бастапқы маркетингтік сұранысты зерттеп қана қоймай, сұранысқа сай келетін жағдайды қалыптастыру қажет. Туризмнің маңыздылығы ұлттық экономиканың басымдығы ретіндегі соңғы 7 жылда Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны артуымен расталды. Экотуризмнің ішкі нарығы туризм, экскурсиялар, қонақ үй қызметтерінің саласындағы кәсіпқойлықты ғана емес, әртүрлі мамандықтар бойынша білім алуды қажет ететін күрделі ұйымдық, техникалық, экономикалық процестерге байланысты.

Халықаралық тәжірбиелер қаншалықты тиімді зерттелген және оның Қазақстан экотуризміне пайдасына тоқталсаңыз ?

Біздің магистранттар дамыған елдердегі ең оңтайлы тәжірбиелерді ескере отырып, экотуризмнің дамытуға тиісті тұстарын анықтады. Жас мемлекеттің бәсекеге қабілетті және экожүйеге қауіпсізсіз туризмді жетілдіріп, жаңашыл үдерістердің бәріне тікелей қатысып, маркетинг және менеджмент салаларына ат салысуы қажет. Қазақстан өзіндік қайталанбас, бірегей бренд бейнесін(brand image) қалыптастыруы қажет. Гонконг, Норвегия, Коста-Рика мемлекетерін мысалға ала отырып туған елдегі экотуризмді дамыту, насихаттау үшін маркетинг саласындағы заманауи тиімді халықаралық тәжірбиелері бар құжаттар сарапталды. Зерттеуде экотуризмнің дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші тікелей мынадай факторларға байланысты екені анықталды:

  1. ел экономикасының даму деңгейі;
  2. туристік ресурстардың болуы;
  3. шетелдік туристерге арналған виза жүйесі;
  4. туроператордың өнімі мен қызмет көрсету саласын дамыту;
  5. көлік және инфрақұрылым жағдайы;
  6. туризм саласындағы мемлекеттік саясат;
  7. тиімді маркетинг.

 Тұтастай алғанда маркетингке жәрдемдесудің келесі стратегияларын бөліп көрсетуге болады:- тұрақты даму стратегиясы табиғи және мәдени ресурстардың сарқылуынсыз және қоршаған ортаға зиян келтірместен аумақтың даму мақсаттарына жетудің маңызды құралы ретінде;

— бірегей тарихи, мәдени және табиғи аумақтарды дамыту стратегиясы;

— жаңа перспективалы нарықтарға нақты анықтамаға негізделген сайлау туризмінің стратегиясы және осы нарықтарға курортты жылдам алға бастыру, сондай-ақ осы үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту;

— халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру, ішкі туризм көлемін ұлғайту есебінен мемлекет пен халықтың табыстарының тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

— экотуризм инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік туризмді қолдау

 механизмін құру;

 — елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру.

Әйгілі тұлға Стив Джобс бизнесте тіпті ұсақ нәрселердің көмегімен орасан зор табысқа жетуге болады деген екен, экотуризмнің табысы мол болуына менеджменттің әсері қандай болмақ?

Жоба қатысушылары, магистранттар барлық дамыған елдердің экотуризм инфрасқұрылымдарын салыстырып, маңызды қорытындыға келді. Еуропаның туристік қымбат емес мемлекеттері біршама, соның ішінде туристер саны басым келетін елдер Эстония, Хорватия, Чехия. Статистикалық шолу соңғы онжылдықта  (2010-2018жж.) Эстония елінде 5 млн. жуық, Хорватия еліндегі көрсеткіш 14 млн., Чехия елінде 10 млн. астам туристер елдерді тамашалауға келген деп көрсетеді. Ал елімізге сырттан келген қонақтар саны 2014 жылы 6,5 млн. адамдарды құраған, олардың басым көпшілігі көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен; соның шамамен 2 млн. туристер шетелден, Туркия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея Республикасынан, Грузия, Италиядан екені белгілі болып отыр. Егер жоғарыдағы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, Еуропа елдерінде ішкі туризм жақсы дамыған, ал біздің республикамызда сыртқы туризм алда тұр, себебі жыл сайын 10 млн. астам қазақстандық туристер шетелге шығуда. Соңғы жылдағы еліміздегі 2017 жылы салтанатты өткен  Қысқы Универсиада, жаз бойы келермендерге ашық болған ЭКСПО дүниежізілік көрмесін т.б. мәдени шараларды есепке алар болсақ, туризм елімізде қалыпты, оңтайлы дамуда, себебі әлемдік нарықта жоғарғы орынды иеленуге барлық мүмкіндіктер бар. Олар: қазақстандықтардың қонақжайлылығы, көзтартарлық табиғаты, тарихы терең өлке ескерткіштері, ерекше қалалары, түрлі этникалық мәдениеттердің жиынтығы және т.б. факторлар. Алдағы бірнеше жылда Қазақстан туризм индустриясы қарқынды өсіп, Хорватия, Чехия елдерінің туризмімен тең дәрежеге жететіні болжанған.

Келесі жобаға келсек, статистика бойынша 2010 жылдан бері 200000 компьютер мен 250000 жуық ұялы телефондар жарамсыз болып, қоқысқа тасталған, осы орайда ірі мегаполис саналатын  Алматы тұрғындары электронды қалдықтарды қалай жаратып жатыр?

Электрониканы қайта өңдеу салыстырмалы түрде жақында дами бастады, компьютерлерді, теледидарларды, факс машиналарын және қоқысқа түсетін басқа да электрондық құрылғылар улы заттар мен химиялық заттардың зиян келтіруімен алаңдатушылық тудырады. Соңғы 5 жылда қауіпті элементтер Қазақстан аумағының 8/1 жерін улы химиялық заттармен ластаған, келесі ғасырға дейін ол жеріміздің 100%-ын қамтуы мүмкін. Қоқыс төгінділерінде электрониканың кейбір химиялық заттары топыраққа түсіп, басқа улы заттармен араласатып немесе жер асты суларына түсіп, табиғатқа қауіп төндіреді. Тұрмыстағы қарапайым батарея мен аккумулятордан бөлінетін кадмий, өкпеге елеулі зақым келтіреді, ал қорғасын балалардың және ересектердің жүйке жүйесіне зақым келтіреді, алайда ол электроникада өте белсенді қолданылады.

Алматылықтардың сауалнамасы бойынша, қазіргі кезде Алматы тұрғындарының көпшілігі үйінде ескірген электронды жабдықты шығарып тастайды немесе басқаларына сатады. Пайдаланылған электронды жабдықты қызмет көрсету орталықтарына бірнеше адам ғана береді, ал қалғандары қоймада сақтайды.
Тұрақты даму Орталығы 2011 жылы жүргізген сауалнамада көрсеткендей, кейбір респонденттердің (27%) қалдықтарды арнайы жинамайды және электроника қалдықтарын ортақ қоқысқа тастауға (19%) немесе оларды үйде ұстауға ниеттенген (8%).

          Сұхбаттасқан

Мөлдір ҚАНАТБЕКОВА




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *