Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің үздік актрисасы атанды

600

71 Канн фестивалінде «Үздік актриса» атандған Қазақстандық Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің де үздік актрисасы атанды. Кинорежиссер Майк Дауни басқаратын бұл фестивальда он фильм талқыға салынса, оның екеуі түрік кинематографистерінің өнімі. «Үздік актриса» номинациясы бойынша Самал Еслямова жеңіске жетті. «Үздік актер» сыйлығына «Капернаум» фильмінде рөл сомдаған Зеин әл-Рафеа ие болды. Иран режиссері Джафар Панахидің «Үш келбет» кинокартинасы «Үздік фильм» номинациясын жеңіп алды. Жапон режиссері Хирокадзу Корээда «Дүкен ұрылары» фильмі үшін «Үздік режиссер» атанды. Халықаралық кинофестиваль 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *