А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің базасында ІТ-сынып ашылды

76

 Түркістан қаласында заман талабына сай  ІТ- сынып А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің базасында ашылды.

Заманауи сыныптың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Темірбаев Алмасбек Мейірбекұлы, қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков пен қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Үмбет Жүсіпбаевтар қатысты.

— «Нұр Отан» – жаңа бастамалардың, озық идеялардың, биік парасаттылықтың партиясы екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеп келді. Партия өз қызметін жаңғырту мақсатында биылғы жылдан бастап 22 жаңа жобаны қолға алды. Бұл жобалар Түркістан қаласында ерекше қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Соның жарқын дәлелі – бүгін ашылып отырған жаңа ІТ сынып. Басты мақсат – факультативті сынып сабақтарын дамыту, яғни, оқушылардың ақпараттық технологияға, робототехникаға, инновациялық жобаларға қызығушылығын арттыру,— деді «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық партия филиалының бірінші орынбасары.

Елбасы ұсынған “Цифрлық Қазақстан” – цифрлық технологияны меңгеру ғана емес, жаңа заманға бейімделу. Елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін қолға алынған бағдарлама қоғамнан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Ол үшін азаматтардың ІТ-сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды күнделікті өмірде кеңінен қолдану міндеті тұр. Орталықтың басты ерекшелігі – жылдам интернет, адамдардың жайлылығы мен емін-еркін сұхбаттасуына жасалған жағдай, — дейді қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков.

Мұндай сыныптар әлі-ақ еліміздің барлық өңірінде ашылып қызығын күллі халық көретініне сеніміміз мол.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *