Атырауда «Музей түні» шарасы өтеді

346

Келушілер үшін Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы — сәндік өнер музейі 18.00-ден 23.00-ге дейін тегін қызмет етеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Музей түні» өңірде биылғы жылы 2-рет ұйымдастырылғалы отыр. Алғашқысы  2018 жылдың 18 мамырында халықаралық Музей күніне орай өткен болатын. Бұл халықаралық мәдени шара көптеген елдерде ұйымдастырылады.
Көрмеде мұнайлы астана тұрғындары мен қонақтары музей экспонаттарымен танысып, облысқа белгілі қылқалам шеберлерінің қолөнер бұйымдарын тамашалайды. Көрме аясында түрлі жәрмеңкелер, шеберлік сағаттары өтеді және қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *