Алматыда Бірінші Орталық Азия деректі кино форумы басталды

298

Алматыда Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумы басталды.

Форумның ашылу салтанатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  философия докторы (PhD) А. Маемиров, Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сценарист, режиссер Б.Қайырбеков,  «Кино және ТВ» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, доцент Г.Мурсалимовалар сөз сөйлеп, көрсетілетін фильмдерге қысқаша тоқталды.

Бірінші Орталық Азия деректі кино форумының өтуіне мұрындық болған сценарист,  режиссер- документалист, ҚазҰӨА доценті Асия Байгожина. Шараға Орталық Азия аймағының белгілі  документалисттері, КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты, режиссер  Шухрат Махмудов, Өзбекстандық сценарист және кинотанушы  Разика Мергенбаева, кинотанушы, ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарының докторы Садулло Рахимов, Тажікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты  Орзумурод Шарипов, кинотанушы, НЕТПАК пен ФИПРЕССИ әділқазылар мүшесі Гульбара Толомушова, Қырғызстаннан жас документалисттердің көшбасшысы Жанышбек Дадабаев, атақты документалист, режиссер Владимир Тюлькин,  режиссер Ануар Райбаев, кинотанушы, Қазақстанның деректі киносы туралы диссертацияның авторы Александра Лумпова, жас және талантты режиссер Евгений Лумпов қатысуда.

Форумға іріктеліп алынған фильмдер Азия киносының бүгінгі бағыты. Бүгінгі мен болашақты жалғастыратын көптеген үзіктерден құралған портрет.

Форумның бірінші күн, яғни бүгін- өзбек бағдарламасына, екінші күні — қырғыз бен тәжік бағдарламаларына беріледі,  ал шараның соңғы күні  қазақ бағдарламасы көрсетілімі аяқтайды.

Толығырақ «Ана тілі» ұлт газетінің алдағы нөмірінен оқисыздар!

Дайындаған: Д. Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *