Инспектор өліміне қатысы бар браконьерлер анықталды

225

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Е. Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар барлық браконьерлер анықталды, деп мәлімдеді ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев.

«Аталған факті бойынша Қарағанды облыстық полиция департаменті Тергеу басқармасымен ҚР ҚК 99 бабы 2 тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні кешенді тергеу шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасауға қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлермен арадағы қақтығыста қаза тапқан инспектордың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», — деді Алмас Садубаев.

Бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *