Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің басшысы тағайындалды

309

Гүлмира Сейітбекқызы Өтегенова Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Гүлмира Өтегенова 1966 жылы дүниеге келген. Қарағанды кооперативтік институтын тауартанушы, Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Жалағаш аудандық тұтынушылар одағында тауартанушы ретінде бастаған. 1995 жылдан бастап осы департаментте басшының орынбасары қызметін атқарды.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *