Көбелектер көрмесі

760

Алматыда «Grand park» сауда үйінде тропикалық көбелектер көрмесі өтуде. Әлемнің ең әдемі көбелектерін қала тұрғындары мен қонақтары сәуірдің 23-ші жұлдызына дейін тамашалай алады.

Қазір көрмеде көбелектің 9 түрі бар. Оның көпшілігі қонақтардың сұрауы бойынша әкелінген.

Көрменің төрінен көбелек жұлдызқұрттарын тамашалауға болады. Егер жолыңыз болып кетсе, сіз көбелектің дүниеге келу сәтіне куә боласыз.

+250С,+270С температурасындағы ылғалды ауа тропикалық көбелектер үшін өмір сүру мүмкіндігі. Сондықтан көрме іші нағыз тропикалық температураны көрсетеді. Сыртқы киіміңізді шешіп кірмесеңіз, ұзақ уақыт тұра алмайсыз.

Олар қысқа мерзімді сұлулық көрмесіне қатысушы кейіпкерлер іспетті. Өйткені ғұмырлары өте қысқа. Бір немесе бірнеше аптадан кейін өліп қалады. Сондықтан, мұнда сәуірге дейін көрме жалғасуы үшін- жұлдызқұрттарды шет елден алдыртып отырады. Осы апта ішінде көрген көбелекті- келесі апта көрмеуіңіз мүмкін. Есесіне, сіздерді басқа көбелектер таңқалдыруы мүмкін. Ендеше, мың рет естігеннен, бір рет көрген артық. Айта кетерлігі, студенттер мен зейнеткерлер үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(фото, видеоны түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *