Министр жаңа үй кілтін табыстады

552

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Жұмағалиұлы аз қамтылған отбасыларына жаңа үйдің кілттерін табыс ету рәсіміне қатысты. Жанұяның анасы Ақмарал Қадырова жақында «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды. Отбасының алты баласы бар, жетіншісін күтуде. Ұзақ уақыт бойы отағасы жұмысқа орналаса алмаған. Ескі үйде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жергілікті кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Алмас Аманбаев, Тұщықұдық ауылының тұрғынынан үй сатып алып, оны көпбалалы отбасына сыйлады. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі хабарлайды.
Мен мұны бұрыннан ойлап жүргенмін, бірақ ыңғайлы сәт болмады, бір отбасына болса да көмектескеніме қуаныштымын, — дейді Алмас.
Елжан Біртанов кәсіпкерге алғысын білдіріп, былай деді: — Елбасы өткен сьезде мемлекет бір адам емес, барлық қазақстандықтар, сондықтан біз осындай шараларды қолдаймыз, өздерін ғана емес, жалпы қоғамды да ойлайтын адамдары бар ел, бай болары сөзсіз.

Аудан әкімі Марат Мурзиевтің айтуынша, өңірде кәсіпкерлердің бастамасымен көптеген қайырымдылық шаралар атқарылған.

Ауданымызда кәсіпкердің қолдауымен баспанаға ие болып отырған алғашқы жанұя. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдемін. Себебі, жылдан-жылға кәсіпкерлердің саны артып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетемін деушілердің қатары көбейіп келеді»- деді.

Жалпы ауданда күнкөріс есебінен төмен табыс табатын 140 отбасы бар. Қазіргі кезге дейін оларға кәсіпкерлердің қолдауымен азды-көпті көмектер көрсетілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *