Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевты қабылдады

461

Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті — Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді. — Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, — деді Елбасы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімделді.

Дереккөз: inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *