Алматыда жылу магистралі жарылып, 4 адам зардап шекті

145

Алматыда жылу  магистралі жарылып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz.

Алматы жылу желілері кәсіпорнында төтенше жағдай таңғы 4 шамасында Пушкин көшесінен өтетін учаскеде болғанын мәлімдеді. 1993 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі құбыр жарылып кеткен. Салдарынан 4 адам зардап шекті. «Көпқабатты үйдің 7 пәтері мен тұрақта тұрған 8  көлікке зақым келді. Барлық келтірілген шығындар көлемі есептелген соң заң шеңберінде өтелетін болады»,- деді Алматы жылу желілері кәсіпорнынан. Алматы коммуналдық қызметтері апаттың салдарын жоюға кірісті.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *