«Таза отан» экологиялық қозғалысы аясында 20 тоннадан астам қоқыс жиналды

449

2019 жылдың 1 мамырында Алматыда, Іле өзенінің жағасында осымен он алтыншы рет «Таза отан» экологиялық қозғалысының акциясы өткізілді. Эко-акцияға «Alina» Компаниялар Тобының 400-ден астам қызметкері, олардың туыстары мен достары қатысты. Алматылық шара эстафетаны Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының 18 қаласындағы «Alina» КТ қызметкерлеріне табыстады. Компания еріктілері Іле жағасының 10 км астам аумағын тазартып, 2018 жылдың маусымында демалушылармен қалдырылып кеткен 5 КАМАЗдан артық тұрмыстық қалдықтарды шығарды.

«Таза Отан» — «Alina» Компаниялар Тобының Президентімен 2004 жылы ұйымдастырылған жоба. Қазіргі таңда бұл жоба адамның қоршаған ортаны ластауы мәселесіне бейжай қарай алмайтын мыңдаған қазақстандықтың басын қосқан. Жоба аясында бүкіл ел бойынша ондаған шаралар өткізіледі: өзен жағалары, тау шатқалдары, балалардың демалыс базалары, орман массивтері, демалыс көгалдары және өзге де орындар тазартылады. Мысалы, 2018 жылы Шымкент қаласындағы балалар лагерінің аумағынан қозғалыс белсенділерінің күшімен — 300 кг-нан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сол жылы Петропавл қаласында тазартылған қоқыс көлемі 2000 кг жетті. Қарағандыда — 5000 кг астам, Павлодарда — 600 кг астам, Өскеменде — 300 кг астам. Қостанайдың — Тобыл өзенінің жағасы 2000 кг астам қоқыстан тазартылды. 2018 жылы Іле өзеніндегі «Таза Отан» жобасына 500-ден астам адам қатысып, 8 КАМАЗ қоқыс шығарылды.

Он бес жылдан бері «Таза Отан» қозғалысына өндірістің экологиялық нормаларына ортақтасатын жеке компаниялар, БАҚ, брендтер және Таза Елде тұрғысы келетін қарапайым адамдар қосылуда.

«Таза Отан» әлеуметтік жобасының ұраны: Таза елде өмір сүргің келсе — өзінен баста!




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *