АРЫСТА 100 ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

661

«Біз Арыспен біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласы Ә. Жангелдин атындағы мектепте, Алматы қаласы «StartTimе» ЖШС-нің бастамасымен «Мектепке даярлық» атты 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтары мен қоса мектеп формасын табыстау рәсімі өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы.

Бұл сыйлықтар «StartTime.kz» порталында Арыс қаласына көмек ретінде,  400-ден аса қазақстандықтан жиналған  2 млн. 700 мың теңге қаражат есебінен жасалды.

Игі бастаманың басы-қасында  «StartTime» ЖШС-нің директоры Азиза  Өтегенова, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мамандары және Арыс қаласы Білім бөлімінің басшылығы болды.

Айта кетейік, 26 маусымнан  бастап «StartTimе» ЖШС-нің еріктілер тобы Шымкент қаласындағы эвуакуациялық пункттерде көмек көрсетті. Осы көмектен соң, жиналған 1, 4 млн.  теңге қаражатты «Арыс қаласындағы көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке арналған сөмке тағы басқа оқуға қажетті жабдықтар алуға жұмсау туралы шешім қабылдаған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *